«Ұлымнан асқан сырласым жоқ»: Дана Нұржігіт баласымен ұқсастығы жайлы жазды

Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде ұлының фотосын жариялады.

«Ұлымнан асқан сырласым жоқ»: Дана Нұржігіт баласымен ұқсастығы жайлы жазды
сурет ашық дереккөзден алынды
525

Белгілі журналист Дана Нұржігіт Instagram желісінде ұлы екеуінің ұқсастығы жайлы жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Жазбада Дана Нұржігіт ұлының қылығына қарап, өзінің балалық шағын есіне түсіріп, өзінің де кішкентай кезінде көрген-білгенін жазып алуды әдет қылғанын айтқан.

«Қырық жасқа таяғанда босанғанымда, ертең заман өзгеріп жатқанда балама ілесе алам ба деген алаң бар еді, қазір менің Әлімнен асқан тілдесетін, сырласатын адамым кемде кем. Екеуміздің әңгімеміз бітпейді! Тосын идея, түрлі жаңалықты Әлімнің арқасында аңғарып, меңгеруге тырысамын.Әншейін сөйлесіп отырып, шашымнан сипап, «мам, көзіңіз сондай әдемі! Маған деген махаббатыңызды көремін…» дегенде…», - деп тебірене жазды журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Серіктес жаңалықтары