Жадыраев, Құрбанов, Қырғызбаев магистратура мен докторантураға түсті

Енді олар Қазақ спорт және туризм академиясында тегін білім алады.

Жадыраев, Құрбанов, Қырғызбаев магистратура мен докторантураға түсті
Спорт және туризм академиясының баспасөз қызметі
Автор
Админ
307

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Париж Олимпиадасының жүлдегерлері: Демеу Жадыраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратура грантын табыс етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Білім гранттары академияның бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімінде табысталды.

Париж Олимпиадасында медаль алған бес спортшы: Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов, Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Ислам Сәтбаев осы академияның түлектері. Олардың есімі академияның Құрмет тақтасына алтын әріппен жазылады. 

«Тәжірибе жүзінде білген-түйгенімізді енді теориямен ұштастыруға, ғылыми тұрғыда ізденуге мүмкіндік берген, өзім оқыған академия басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Ал, артымыздан еріген жас өрендерге сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңа жетуден ешқашан шаршамаңдар», – деді Демеу Жадыраев.  

Серіктес жаңалықтары