Алматыда бала саудасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алматыда бала саудасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді
istockphoto.com
284

Алматы облысының Полиция департаментінің  Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бала саудасымен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«25 тамызда Surak.baribar әлеуметтік желісінде жаңа туған және кәмелеттік жасқа толмаған балаларды заңды жолмен асырап алу арқылы бала саудасын жүзеге асыратын қылмыстық топ бар екені туралы ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысының тумасы, 38 жастағы азаматша анықталды»-деді ПД.

Күдікті қамауға алынған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары