449
«Таптым-ау сені»: Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет отбасын құрмақ
Жақында ғана бірінші жарымен жанжалдасып, ажырасып, қалың шудың ортасында қалған Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтермек.
Әзілкеш бұл туралы Instagram парақшасының сторисінде мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.
«Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады. Жақсылық тіледім, баршаңызға. Нағыз бақытты сезіне алдым. Аллаға сансыз шүкір. Аллаға шүкір деуден басқа айтарым жоқ. Екеумізге де айтып қойдым. Love story мен неке қию рәсімі өтетін мекен белгілі болды»-деп жазды ол.
Сондай-ақ бір арумен теріс қарап түскен суретін де жүктеген.
Бақыт тілейміз!