«Үтік пен гантельде қан дағы бар»: Павлодарлық жігіт жеңгесін өлтірмек болған

Салдарынан жүкті келіншек баласынан айырылыпты.

«Үтік пен гантельде қан дағы бар»: Павлодарлық жігіт жеңгесін өлтірмек болған
istockphoto.com
595

Павлодарда жеңгесін өлтірмек болған 17 жастағы жігіт сотталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлмерей Қарсыбаева басынан ауыр жарақат алып, бірнеше ота жасатқан. Күйеуінің інісі оны гантельмен ұрған. Салдарынан жүкті келіншек баласынан айырылыпты. Келіншек өзіне не болғанын есіне түсіре алмаған. 28 жастағы Гүлмирей күйеуінің інісі өзін үтікпен ұрғанын айтқан. Әйелдің бес рет соққы алғаны анықталды.

"Үтікте де, гантельде де қан дақтары табылды. Тіпті гантельдерде әйелдің шашы болған. Сот-биологиялық сараптамада үтіктегі және гантельдегі қан Қарсыбаеваға тиесілі екені анықталды", – деп түсіндірді Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Нұрланов.

Сот анықтағандай 12 ақпанда таңертең жігіт мефедрон қабылдаған. Ағасы жұмысқа кеткенде сотталушы жеңгесімен жанжалдасқан.

Сот отырысында 17 жастағы павлодарлық өзін ақтап алуға тырысты. Тіпті қыз құлаған кезде басын радиаторға өзі соқты деген нұсқа да айтылған. Барлық тарапты тыңдаған сот айыптау үкімін шығарды.

"Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза 9 жыл 5 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге белгіленді", – делінген сот үкімінде.

Жігіт адам өлтіруге оқталу және сату мақсатынсыз есірткіні заңсыз тасымалдау үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар жігіттің анасы жәбірленушіге моральдық шығын үшін 7 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, қызға бірнеше ота жасалды, тіпті дәрігерлер оның бас сүйегін ашуға мәжбүр болған. Соққы нәтижесінде келіншек баласынан айырылып қалған. 

Серіктес жаңалықтары