Ақтау-Форт-Шевченко тасжолында 1 бала қаза тапты

Тағы екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі – реанимацияда жатыр.

Ақтау-Форт-Шевченко тасжолында 1 бала қаза тапты
скриншот
427

Қайғылы оқиға Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында 2 қыркүйек күні болды. Көлік өртеніп, оқиға салдарынан 1 бала қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сағат 16:04-те Түпқараған ауданы Ақтау-Форт-Шевченко автожолының 43-ші шақырымында жүріп келе жатқан 2005 жылғы Toyota Estima автокөлігі өртенді. Сағат 16:27-де өрт сөндірілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.

Lada.kz жазуынша, ауруханаға 7 адам – төрт ересек және үш бала жатқызылды. Бір бала оқиға орнында көз жұмды.

«Екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі – реанимацияда. Реанимацияға түскен баланың оң жақ білегін ампутация жасауға тура келді», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары