Паралимпиадада Қазақстан намысын қорғаған Севда Әлиева елге оралды

Қазақстандық спортшы Севда Әлиева олимпиаданы аяқтап келді.

Паралимпиадада Қазақстан намысын қорғаған Севда Әлиева елге оралды
Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
312

Париж Паралимпиадасында нысаны көздеуден сынға түскен спортшыларды жанкүйерлер қауымы әуежайдан күтіп алды, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

2024 жылдың басты спорттық додасы саналатын Париж Паралимпиадасында нысана көздеуден қос отандасымыз жүлдеге таласып, Еркін Ғаббасов тарихи күміс медальды иеленсе, әйелдер бәсекесінде астаналық ару Севда Әлиева 13-орынға тұрақтады.

Осы орайда нысана көздеуден ел спортшылары тек 2021 жылғы Токио Паралимпиадасынан бастап қана қатысып жатқанын айта кету керек.

«Нысана көздеуден небәрі үшінші халықаралық жарысым. Сондықтан Париж Паралимпиадасына қатысудың өзі үлкен тәжірибе. Ірі додалар арқылы қателігіңді көріп, немен жұмыс істеу керектігіңді аңғарасың. Енді келесі Паралимпиадада жүлдемен оралуға тиіспін. Еліміздің көк туын ашылу салтанатында ұстап шығу бақыты бұйырды. Тек қана Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем көз тіккен Париж Паралимпиадасының атмосферасын сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Бұған дейін өздеріңіз білетіндей, 2023 жылы би спортындағы ең биік жетістік – әлем чемпионы атандым. Көпшіліктің алдында өзін-өзі ұстау, қысылмау секілді маңызды қасиеттер нысана көздеуде де өз пайдасын тигізді деп ойлаймын. Енді мақсаттарымыз жоғарлай бермек», - деді спортшы Севда Әлиева.

ш

Сондай-ақ ерлер арасында күміс жүлдегер атанған Еркін Ғаббасов та өз ойын бөлісті.

«Дайындық Алматы қаласында өтті. Әрине, бірінші рет күміс медаль алу – жоғары жетістік. Чемпион атанған, рекордты жаңартушы Жин Хо Паркқа (Оңтүстік Корея) сәл ғана жетпей қалдым. Бұл спортшы 2016 жылдан бері тұрақты түрде қатысып, жүлде де алып үлгерген. Тәжірибесі толысқан, қай кезде қандай тактиканы қолдануды біледі. Осымен биылға арналған спорттық күнтізбе аяқталды. Енді сәл тынығып, қайта жаттығуға кірісетін боламыз», - деді спортшы Еркін Ғаббасов.

щ

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасына Қазақстан атынан 44 спортшы 9 спорт түрінен жүлдеге таласып жатыр.

Серіктес жаңалықтары