«1985 жылы тіктіртіп берген»: Мақпал Жүнісова бірнеше елде киген тарихи образын көрсетті (ВИДЕО)

Әнші аталмыш көйлегін Марокко және Үндістанға да киіп барғанын айтты.

«1985 жылы тіктіртіп берген»: Мақпал Жүнісова бірнеше елде киген тарихи образын көрсетті (ВИДЕО)
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram/zhunusova.makpal
1130

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова әлемнің бірнеше елінде сахнаға киген көйлегін көрсетті. Өнер иесі аталмыш киімнің өмірінде алар орны ерекше болғанын жеткізді.

Әнші бұл көйлегін Марокко және Үндістанға да киіп барғанын айтты.

«Осы костюмді әбден тоздырып кидім. 1985-те «Гүлдер» ансамблі тіктіртіп берген. Бомбей қаласында 40 күн фестиваль Советской песни өтті. Қазақстаннан Бибігүл Төлегенова, «Мұрагер» ансамблі, мен және «Гүлдер» ансамблінің бишілері қатысты.

100 мыңдық стадионда күнде лық толы халық болатын. Союзға кіретін Республиканың өнер шеберлерімен өткен керемет 40 күн өте шықты. Мәскеуден Алла Пугачёва, бишілері, В.Леонтьев, Грузия, Армения, Әзербайжан би топтары болған еді. Бұл көйлек Шри-Ланка, бүкіл Қазақстан облыстарына киіліп, 1989 жылы «Медеу» айдынында «Алтын Алма» фестивалінде соңғы рет кидім. Мароккада болғанда да киілген», - деп жазды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.

Серіктес жаңалықтары