Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеуге кірісті

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті жаңа Салық кодексінің жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа қабылдады.

Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеуге кірісті
сурет: parlam.kz
335

Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеуге кірісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті жаңа Салық кодексінің жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа қабылдады.

Депутаттар Президент Жолдауында айтылған салықтық әкімшілендіруді және салық режимдерін оңтайландыруы, салық жеңілдіктерін қайта қарау және басқа да бастамаларды жүзеге асыруы тиіс.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы аталған заңды сапалы деңгейде дайындау, сондай-ақ Парламент пен Үкіметте жаңа нормаларды ашық талқылау үшін Салық кодексін қабылдауды 2025 жылға ауыстыруды тапсырған болатын.

Серіктес жаңалықтары