Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жолында әрбір медицина қызметкері ат салысуы керек – дәрігер

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында медицина саласына, оның ішінде кепілдік берілген тегін медициналық көмек мәселесіне тоқталып, оны барынша халыққа қолжетімді етуді тапсырған болатын.

Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жолында әрбір медицина қызметкері ат салысуы керек – дәрігер
Автордың жеке мұрағатынан
Автор
Админ
247

Президент Жолдауына депутаттар ғана емес, мұғалімдер мен дәрігерлер де, еріктілер де қатысқан еді. Жолдауды өз құлағымен естіп, Президент пәрменіне көңілі толған сала өкілдері жетерлік. Соның бірі Шымкент қаласының «Мемлекеттік диагностикалық орталық» КМК бас дәрігері Мырзахметова Шолпан Исабекқызы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында баяндаған Жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды атқару қажеттігін айтты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі – денсаулық сақтау саласында қосымша ресурстардың көбейгенін көрсетеді. Сонымен қатар медициналық көмек көрсететін  жекеменшік ұйымдардың да саны артып, медициналық көмектің қолжетімділігі арта түсті. Дегенмен науқастарға кепілдік берілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтердің әлі де болса ақылы түрде жүзеге асатын жағдайларының болуы, медициналық көмек алуда халықтың кезек күтіп қалуының көптеп кездесетініне де тоқталды. Сондай-ақ Президентіміз денсаулық сақтау саласында цифрландыру мәселесінің маңыздылығын атады. Бүгінде республикамыздың денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетіп отырған медициналық ұйымдардың бір-бірімен интеграцияланбаған, бірнеше бағдарламаны қолданып отырғаны мәлім. Осы тұрғыда Президентіміз медициналық мекемелердің меншік түріне қарамастан барлығы бірыңғай ақпараттық бағдарламалармен, жүйелермен қамтамасыз етілуі тиіс деді. Әрине осы бағытта атқарылатын ауқымды жұмыстар медициналық қызметтердің сапасын арттыратынына сенімдіміз»-дейді ақ халатты абзал жан.

Оның айтуынша Мемлекет басшысы жүктеп отырған міндеттерді жүзеге асыруда ант берген әрбір дәрігердің, әрбір медицина қызметкерінің рөлі маңызды. Әркім тамшыдай болса да үлес қосуы қажет.

«Сонымен қатар медициналық көмектің сапасы бірінші кезекте кәсіби біліктілікті талап етеді. Ал білікті медицина мамандарын дайындау үшін медицина саласындағы білім сапасын арттыру, грант құнын білім беру үдерістерінің  деңгейіне қарай саралау қажеттігін атап өтті. Денсаулық сақтау саласының заманауи дамуы үшін шетел медицинасының озық тәжірибесін мемлекеттік – жекеменшік әріптестік шеңберінде белсенді тарту қажеттігін де ескертті. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін Үкіметке денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік – жекеменшік әріптестікке қатысты жаңа ережелер дайындауды тапсырды.  Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласына жүктеп отырған міндеттерін орындауда әрбір медициналық қызметкер, әрбір медициналық ұйым ат салысады деген ойдамын»-дейді Шолпан Исабекқызы.

Серіктес жаңалықтары