Қарағанды облысында колледж директоры 17 млн теңгені жымқырған

Қарағанды облысының Шет агротехникалық колледжі директорының заңсыз әрекеттерінің салдарынан бюджетке 16,9 млн теңге шығын келген.

Қарағанды облысында колледж директоры 17 млн теңгені жымқырған
istockphoto.com
356

Шет ауданының прокуратурасы «Шет агротехникалық колледжі» КММ-нің соңғы үш жылдағы мемлекеттік сатып алуларын тексерген, деп хабарлайды turkystan.kz

Колледж директоры жеке пайда табу мақсатында өзінің қызметін пайдаланып, мемлекетке 16,9 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Атап айтқанда, 2022 жылы «Шет агротехникалық колледжі» КММ мен ЖШС арасында қазандық жабдықтарын орнату туралы келісім жасалған. Директор сметалық құжаттарға өзгеріс енгізу арқылы қосымша келісімге қол қойған. Бірақ қазандықтар техникалық талаптарға сай келмей, соңында істен шыққан. Соның салдарынан күні бүгін тозған, ескі қазандықтар қолданылуда.

Қазір қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары