ШҚО-да қоныс аударуға бөлінген қаражат ұрланған

Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады

ШҚО-да қоныс аударуға бөлінген қаражат ұрланған
istockphoto.com
385

Шығыс Қазақстан облысында басқа елдерден азаматтарды көшіру үшін тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылыған.

Облыстық прокуратура адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын сақтауға тексеру барысында қаражаттың жалған сатып алу-сату келісімдері және үй сатушылармен сөз байласу арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұрланғанын анықтады.

Кейбір жағдайларда ұрлық мансап орталықтарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылды.

Мәселен, 2024 жылдың басында Моңғолиядан қоныс аударған үш отбасы жалпы сомасы 18 млн теңге тұрғын үй сатып алуға келісім-шарт жасаса, оның 9 млн теңгесін қоныс аударушылар келісім-шартқа қол қойғанға дейін төлеген-мыс, ал қалған соманы Орталық сатушылардың есепшотына аударған.

Содан кейін сатушылар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны қоныс аударғандарға қайтарды, олар жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде көлік сатып алуға жұмсады, - делінген хабарламада.

Тағы бір жағдайда қоныс аударушы 8 млн теңге сомасында үйді сатып алу-сату шартын жасасқан, оның 4 млн теңгесі экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы төленген.

Сонымен бірге, сатып алынған үй қирап, тұруға жарамсыз екені, ақшаны заңсыз алу мақсатында жалған келісім-шарт жасалғаны анықталды.

Осы фактілер бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу мүддесі үшін қатысқан тұлғалар туралы ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары