«Жұбымызды сақтап қала алмадық»: Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен қайта жараса алмағанын айтты

Өнер иесі экс-жолдасымен қасылмаса да, жақсы қарым-қатынас сақтап қала алғанын айтты

«Жұбымызды сақтап қала алмадық»: Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен қайта жараса алмағанын айтты
Instagram/dilnaz_akhmadiyeva
671

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева өзінің бұрынғы күйеуімен қайта қосылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін белгілі продюсер Жан Мұқанов өнер иесінің экс-жолдасымен бас қосқанын хабарлаған болатын.

Дильназ Ахмадиева Instagram-дағы парақшасында бұрынғы күйеуімен түскен суретін жариялап, ел арасында айтылып жатқан қауесеттерге жауап берді.

Біз қосылған жоқпыз. Бірақ дәл осы ер азаматтың баласын дүниеге әкелгеніме қуаныштымын. Ол өте данагөй, өнерлі адам. Оның бойында маған ұнайтын қасиеттер өте көп. Біз жұбымызды сақтап қала алмадық. Бірақ оның сүйіктісінің жолы болары анық. Әзілхан, саған бар жақсылықты тілеймін. Сені бауырымдай қатты жақсы көремін, - деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары