Жыл басынан бері мыңнан астам малды пойыз қағып кеткен

Еліміздің темір жолдарында биылғы 8 айда 1070 жануарды пойыз қағып кеткен.

Жыл басынан бері мыңнан астам малды пойыз қағып кеткен
istockphoto.com
340

Оның ішінде 355 бас жылқы, 191 сиыр, 28 ұсақ мал бар, деп хабарлайды turkystan.kz

31 тамыз күні 31 тамызда Жетісу облысының Быжы – Бахша аралығында 8 бас жылқы пойыз астына түскен. Дәл сол күні Сарыөзек – Үштөбе жолында 3 жылқыны пойыз қаққан. Мал иелері анықталып, мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұдайы жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға қарамастан, тұрғындар тарапынан құқық бұзушылықтарға әлі де жол беріліп келеді.

«Теміржол арқылы өту тек өткелдерде, жол өтпелерінде және арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етілгенін тағы да еске саламыз. Дегенмен қараңғы, тұманды, нөсер жаңбыр және боранды күндері, тіпті ол жерлерден де өтуге тыйым салынады», – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Серіктес жаңалықтары