Шымкентте әкім аппаратының басшысы мен оның сыбайластары сотталды

Кінәлілер кінәсін мойындаған жоқ, өздерін ақтауды сұрады.

Шымкентте әкім аппаратының басшысы мен оның сыбайластары сотталды
istockphoto.com
367

2019 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Қызметтік өкілеттігін пайдаланып, ЖШС директоры Б және құрылтайшысы К есімді азаматтармен бірлесіп, әкімдіктің бюджет қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғын үй аулаларына арналған материалдардың (қоқыс жәшіктері, орындықтар, әткеншек, ойын және жаттығу кешендері) құнын асыра көрсетіп, 700 млн теңгеге жуық қаражатты талан-таражға салған.

Ал К мен Б декларацияға жалған деректер жазу арқылы салықтан жалтарып, мемлекетке 194 млн теңгеден астам шығын келтірген. Оған қоса Б салық органдарының алдындағы қарызды жасыру үшін 130 млн теңгеден астам сомаға банк кепілдігін жасау үшін жалған фирмалық бланк жасаған.

Сотталушылардың кішкентай балалары бар екенін ескеріп, сот әрқайсына 8 жыл бас бостандығын айыру жазасын тағайындады. Аппарат басшысы өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары