«Дәретханаға тастаған»: Абай облысында педофилге қатысты үкім қайта қаралды
Абай облыстық соты 4 жастағы баланы қорлап, кейін өлтірген ер адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Абай облыстық сотында апелляциялық тәртіппен жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттері үшін сотталған ер адамға қатысты қылмыстық іс азаптау, кісі өлтіру қаралды.
Сотталған адам мен оның адвокаты сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағымдарында үкімді өзгертуді және жас баланы өлтірді және балаға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық жасады деген айыппен ақтау үкімін шығаруды сұрады.
Бірінші сатыдағы сот анықтағандай, 38 жастағы ер адам өз үйінде, мас күйінде киімсіз, жас балалардың көзінше, 9 жастағы қызына қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған.
Ер адам 4 жастағы баланың анасы ақша табуға кеткенде, жұбайына күтуші ретінде қалдырған балаға физикалық және моральдық тұрғыда азап шектірген.
Баланың 4 ай бойы үйде болғаны, ер адамға жағымсыз көзқарас тудырды. Бір күні баланың басын қабырғаға ұрды. Баланың өлімін күткен ер адам, оған ешқандай көмек көрсетпеген. Содан кейін, баланың денесін сөмкеге салып, оны жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастаған.
Апелляциялық сот алқасы апелляциялық шағымды қарап, сотталғанның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалармен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және істің басқа материалдарымен толық дәлелденгендіктен, сот үкімін өзгертуге негіз жоқ деп санайды.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.