725
Ақтөбе облысында 7-сынып оқитын қыз жүкті болып қалған
Дәрігерлік кеңес комиссиясының шешіміне сай ол оқуын үйден жалғастырады.
Ақтөбе облысында жетінші сыныпта оқитын қыз бала жүкті болып қалды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады. Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқушы қыз жетінші сыныпта оқиды. Аяғы ауыр болғанына аты айдан асқан. Дәрігерлік кеңес комиссиясының шешіміне сай ол оқуын үйден жалғастырады.