«Оның аты – Дастан»: Отарда соққыға жығылған сарбаз шындықтың бетін ашты (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта Нұржігіт Әбділпат Қостанайдағы ауруханада емделіп жүр.

«Оның аты – Дастан»: Отарда соққыға жығылған сарбаз шындықтың бетін ашты (ВИДЕО)
видеодан алынған скрин
688

Жамбыл облысына қарасты Отар ауылындағы әскери бөлімде борышын өтеп, кейін комаға түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпат басынан өткен жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарбаз Orda News YouTube-арнасының жүргізушісіне барлық жайтты баяндап берген.

Нұржігіт Әбділпат оған күш қолданған адамның рота сержанты болғанын еске алды. 

"Ол рота сержанты болды, аты – Дастан. Өзі ашушаң еді. Онымен ешкім қатты араласқан жоқ. 22 күні түнде ұстамам ұстап қалды. Әскердегі күнделікті кестеге үйренбегендіктен болған шығар. Салдарынан ұйықтай алмадым. Бұл туралы командирге айтып, шағымдандым. Ол медбикені шақырып, біз санитариялық бөлімге бардық. Маған бұл қалыпты деп айтты. Олар мені тексеріп, дәрі жазып берді. Оны ішкен соң жақсарғандай болдым. 6-сы күні таңертең тамағым ауырып, өзімді жайсыз сезіндім. Тамағыма спрей сеуіп, оны қалтама салдым. Оң жағыма сержанттың қалай келгенін байқамай қалдым. Ол мені кеудеден төмен, өкпеден ұрды. Мен еңкейіп қалдым. Бір-екі секундқа тынысым тарылғандай болды. Одан кейін әскердегі нормативім нашарлай бастады. Жүгіргенде ең соңынан келіп, бірнеше күн дұрыс тамақтанбадым. Ол мені ұрып, содан кейін кетіп қалды", – деді сарбаз. 

Серіктес жаңалықтары