Президент Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

Мемлекет басшысы спортшыны өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтаған.

Президент Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады
Сурет: ҰОК
308

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

– Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Серіктес жаңалықтары