298
Екі азаматтығы бар адам Қазақстан аумағынан шығарылды
Көші-қон қызметкерлері Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғынын елден шығарды.
Онда Қазақстанның және Ресейдің азаматтығы болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өңір полициясының мәліметінше 54 жастағы ер адам биылғы маусым айында РФ азаматтығын алған. Бірақ Қазақстан азаматтығынан шықпаған.
«Сот шешімі бойынша ол 496-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды»-делінген баспасөз хабарламасында.
Құқық қорғаушылар оны Қазақстан азаматтығынан айырған.
Біздің елде екі азаматтыққа жол берілмейді.
«Басқа елдің азаматтығын алардан бір ай бұрын ішкі істер органдарына хабар беріп, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігін өткізу керек»-дейді ІІД.