«Беттесу қайта жүргізілетін болды»: Әнарудың адвокаты тың деректерді жария етті

Бірер апта бұрын бүкіл елді шулатқан «Жанқош – Әнару» ісіне қатысты соңғы деректер шықты.

«Беттесу қайта жүргізілетін болды»: Әнарудың адвокаты тың деректерді жария етті
Ғаламтор
Автор
Админ
1754

Жаңа ақпаратты Әнару Қалдыбекқызының адвокаты Ләззат Ахатова жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Беттесу қайта жүргізілетін болды. Тараптардан адвокаттардың  қатысуымен қайтадан жауап алынады. Қол жеткізген нәтиже әзірге осы. Енді Жанқош Тұраров неге қамауға алынбай жатыр деген сұрақтарға жауап: Әр істің өз нюанстары болады. Бұл іс бойынша арыз сәл кешіктіріліп берілгендіктен, сараптама қорытындысы шықпай, күдікті статусы берілмейді. Сәйкесінше әзірге бұлтарптау шаралары қолданылмайды. Жәбірленушінің қорғау тарапы осы бағытта жұмыстар атқарып жатыр»,-деді ол.

Сондай-ақ 2018 жылы Жанқош Тұраров атысып, тағы бір қылмыстық іске іліккен. Бірақ ол іс қысқарып кеткен көрінеді.

«Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы бұзақылық бабымен (атысқан) қылмыстық іс қозғалған екен. Алмалы ауд.полиция бөлімінде. Алайда іс тергеуден қысқартылып кеткен. Әнару Құрманәліқызы да дәл сол жылы арыз берген. Дәл сол Алмалы аудандық полиция бөліміне. Енді осы жерде назар аударатын жағдай. Сол кездегі Алмалы аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары болған адам қазір Әуезов аудандық полиция бөлімінің (соңғы іс қаралып жатқан) басшысы. Кездейсоқтық па, әлде Тұраровтың “крышасы” ма, уақыт көрсетер... Бұл туралы Бас Прокуратураға жазып жатырмыз», - деді адковат.

Серіктес жаңалықтары