Көшпелілер ойынындағы бізге таңсық бәсекелер

Осы ретте ойын бағ­дарламасына енген, өзге ұлт өкілдерінің көпшілікке мә­лім де беймәлім ойындары туралы деректер ұсынғанды жөн көрдік.

Көшпелілер ойынындағы бізге таңсық бәсекелер
сурет: worldnomadgames.com
682

Осы жексенбі Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойын­дары басталады. Түркі әлемі үшін Олимпиадаға пара-пар, бәсі биік бұл жарысқа 89 елден 2 000-нан астам спортшы қатысады. Өзіміздің ұлттық спорт түрлерінен бө­лек, өзге түркі елдерінің спортынан жарысатын бұл до­да­да 97 медаль сарапқа салынады. Осы ретте ойын бағ­дарламасына енген, өзге ұлт өкілдерінің көпшілікке мә­лім де беймәлім ойындары туралы деректер ұсынғанды жөн көрдік.

Мас-рестлинг – бұл Саха (Яку­тия) халқының ұлттық спорт түрі. «Мас» сөзі якут тілінен «таяқ», ал «рест­линг» – күрес деген мағынаны біл­­­­­діреді. Бұл спорт түрі қатысу­шы­лар­дың күшін, шыдамдылығын және ше­берлігін сынауға негізделген. Бұл ойында екі спортшы таяқшаны жұлқу арқылы өзара кім мықтыны анықтай­ды. Ережеге сай спортшылар бір-біріне қар­сы отырады. Олар аяқтарын ар­найы тақтаға тірейді. Спортшы таяқ­ша­ны ұстаған қарсыласын өз жағына тар­туға немесе қарсыласының қолы­нан таяқшаны жұлып алуға тырысуы керек.
Кураш – өзбек халқының ұлттық спорт түрлерінің бірі. Екі қарсылас тік тұрып күреседі. Жекпе-жек дзюдо­да­ғы­дай кілемшелерде өтеді. Курашта жа­тып күресуге тыйым салынады. Тек тік тұрып күресуге болады және тек лақ­тыру мен аяқтан қағуға рұқсат еті­леді. Кез келген соққы, ауыртпалық, тұн­шығу әдістерін, сондай-ақ белбеу­ден төмен қармап ұстауға қатаң тыйым салынады.
Мангала – түрік халқының зият­кер­лік ойыны. Бұл ойынға екі адам қа­ты­сады. Ойын тақтасында екі қатар­ға бірдей орналасқан алты отау (шұң­қыр) және ұтып алынған тастарды сала­тын үлкен қазан болады. Әр ойын­шыға ойын барысында 6 отау, бір қазан және әр отауға төрт-төрттен салынған 24 тас тиесілі болады. Ойыншылар өз қазанына көп тас ұтып алуға тыры­са­ды. 25 немесе одан көп тас ұтқан ойын­шы жеңіске жетеді.  Егер әр ойын­шы­ның қазанында 24 құмалақтан болса, ойын тең аяқталады. Мангала ойыны 2020 жылы ЮНЕСКО-ның материал­дық емес мәдени мұралар тізіміне ен­гізілді.  
Ордо – қырғыздардың ежелден бері сақталып келген, ең кең тара­ған ойындарының бірі. «Ордо» сөзі «хан ордасы, хан сарайы» дегенді біл­діре­ді. Ойынның басты шарты сол хан сарайын қорғау көрінеді. Аталған ойын хандық билік құрған шақтарда пай­да болған деседі. Яғни, сызылған шең­бер ішіндегі орда әскери карта іс­петтес. Диаметрі 12 метрлік шеңбердің ор­тасына хан ордасы (тиын) орналас­ты­рылады. 68 асық қойылады. Әр ко­ман­дада 7 ойыншы қатысады. Әр ко­ман­да кезегімен ортадағы асықтарды қол­дағы сақа асықпен соғу немесе шер­ту арқылы шеңбердің сыртына шы­ғаруға әрекет етуге тиіс. Бір ойын­шы өз кезегінде әрбір соққан, шерткен сайын асықтарды шашып, сыртқа шы­ғара алатын болса, ойынын әрі қарай жал­ғастыра береді. Әрбір шығарылған асық үшін бір ұпай еншілейді.
Ашыртмалы аба гүреші – түрік хал­­­­қының дәстүрлі күрес түрлерінің бі­рі. Бұл спортта спортшы белбеу мен күр­тешеден ұстау арқылы, қарсыласын құ­латуға тиіс. Балуандар арнайы то­қыл­ған аба киімі мен қысқа балақты шал­бар киеді. Бұл күрес түрі өзіндік ере­желерімен және ерекшеліктерімен айрықшаланады. Мұнда физикалық күш пен техника ғана емес, сонымен қа­тар тәжірибе, даналық және қарсы­лас­тың әрекеттерін болжау қабілеті де маңызды.
Алыш – қырғыз күресінің бір түрі. Бұл күреске ерлермен қатар әйелдер қауы­мы да қатыса алады. Алыш күресі кө­бінесе дәстүрлі киімдерде өткізіледі жә­не балуандар белдесу кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, шеберліктерін көр­сетеді. Бұл күрес түрінде күштілік, жыл­дамдық және ептілік қажет. Алыш күресі еркін және классикалық деп екі бағытқа бөлінеді. Еркін стильде аяқпен техникалық әрекеттер істеуге рұқсат етіл­се, ал классикалық стильде мұндай әре­кеттерге тыйым салынады.
Овари – Батыс Африка халық­тары­ның зияткерлік ойыны. Ойынға екі адам араласады. Ойын тақ­­­тасында екі қатарда орналасқан ал­ты бірдей шұңқырша болады. Соны­мен қатар ойыншыларда тастарды жинайтын үлкен шұңқыршалар тағы бар. Овари ойыны 48 шармен ойнала­ды. Тақтаның өз жағындағы алты кіш­кентай шұңқырша ойыншының алаңы, ал қарама-қарсы алты шұңқыр­ша сәйкесінше қарсыластың алаңы бо­лады. Ойыншылар өз жағына мүм­кін­дігінше көп шар жинауға тырысады. Кім көп шар жинаса, сол ойыншы жеңіс­ке жетеді.
Көрәш – татар халқының көне ұлт­тық белбеу күресі. Бұл жекпе-жек өне­ріндегі балуанның басты мақсаты – рұқсат етілген әдістердің кез келгенін қол­дана отырып, қарсыласының жауы­рынын жерге тигізу. О баста жиын-тойлардың көркін қыздыру үшін өтетін бұл күрес өнері уақыт өте келе жауынгерлерді шыңдайтын кәсіби дайындыққа ұласты. Бүгінде татар күресі халықаралық деңгейде мойын­дал­ған кәсіби спорт түріне айналды.  
Powerful nomad – ерлер арасында өткізілетін сайыс. Күштілер сайысына 90 келіден жоғары атлеттер қатысады. Олар 5 сайыс түрі бойынша өзара кім мықтыны анықтай­ды. Ең алдымен 100 келі тасты көтеріп, оны 10 метрге жылжытып жарысады. Со­сын 100 келілік қаппен отырып тұ­ру­ға тиіс. Одан соң 10 келілік найзаны оң немесе сол қолмен 10 метр қашық­тық­та тұрған нысанаға лақтыруы ке­рек. Төртінші сында 130 келілік бөре­не­ні иығына салып, отырып тұруы қа­жет. Ал соңғы сайыста салмағы 200 ке­лі арбаны 10 метрге сүйреуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары