Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды

Қазір жәбірленуші ауруханада ем алып жатыр.

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды
Видеодан алынған скрин
437

Жол апаты 28 тамыз күні таңғы сағат 07:15-те мегаполистің Әуезов ауданында болған. Мопед жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Төле би даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатқан мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Жәбірленуші жоғары жылдамдықпен келе жатқан мопедшіні автобус тұрғандықтан байқамай қалған.

Бейнежазбадан қатты соққы салдарынан қыздың бірнеше метрге ұшып кеткенін көруге болады. 

Оқиға орнынан қашып кеткен мопедші қатты қорыққаннан осындай қадамға барғанын айтады.

“Жедел іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шаралардың нәтижесінде мопед жүргізушісі ұсталды. Күдікті 23 жастағы басқа өңірден келген жігіт болып шықты. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында қаланың бейнебақылау жүйелерінің ресурстары пайдаланылды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Шумаев.

Серіктес жаңалықтары