Батыс Қазақстанда жасөспірім жүргізген көлік аударылып қалды

Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 36 920 теңгені құрайды

Батыс Қазақстанда жасөспірім жүргізген көлік аударылып қалды
«Мой город»
920

БҚО-да жасөспірім Toyota Camry көлігін жүргізіп, аударылып қалды.

«Мой город» басылымының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының ауылында Toyota Camry автокөлігін жүргізген жасөспірім апатқа ұшырады. 16 жастағы жүргізуші көлік құралын басқара алмай, көлік аударылып кетті. Апат салдарынан жасөспірім жарақат алды.

Оқиға фактісі бойынша кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 36 920 теңгені құрайды.

Көлік иесі де жауапкершілікке тартылды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша «көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға беру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 50 АЕК немесе 184 600 теңге айыппұл салынады.

Серіктес жаңалықтары