«Екі ай бойы кездесіп жүрдік»: қарттар үйінде танысқан жұп шаңырақ көтерді

Екі қарияның оқиғасын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі баяндап берді

«Екі ай бойы кездесіп жүрдік»: қарттар үйінде танысқан жұп шаңырақ көтерді
yk-news.kz
661

Өскеменде АХАТ бөлімінің қызметкерлері арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында некені тіркеу рәсімін өткізді, деп жазады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Екі қарияның оқиғасын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі баяндап берді.

71 жастағы Людмила Николаевна ұзақ уақыт бойы қарттар үйінде тұрып келген, алайда болашақ жарын осында кездестіремін деп ойламаған.

"Біз екі ай бойы кездесіп жүрдік. Ол маған сыйлықтар жасап, сезімін білдірді. Мен "иә" дедім.

Мұнда бірге тұрамыз, бөлек бөлме де берілді. Бізге келіп, некемізді тіркегені үшін АХАТ қызметкерлеріне рақмет айтамын", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары