Танымал қазақстандық боксшы отбасын құрды

Махмұд Сабырхан - Қазақстан бокс құрамасының мүшесі

Танымал қазақстандық боксшы отбасын құрды
Видеодан алынған кадр
625

Танымал боксшы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді. Бұл туралы "Оңтүстік телеарнасы" желідегі парақшасында хабарлады.

"Сүйінші, Махмұд Сабырхан ұлдарыңыз үйленіп, бір басы екеу болды. Мың сұлудың ішінен бір сұлуды таңдап, көз алдымызда өскен Назым қыз келін болып шыға келді. Мырзағали ағамыздың тұңғышы. Той керемет болды. Құдалық мың жылдық болсын, Мырзағали аға! Жастар бақытты болсын", - делінген жазбада.

Еске салайық, Махмұд Сабырхан - Қазақстан бокс құрамасының мүшесі. 2023 жылы әлем чемпионы атанды. Париж Олимпидасында 57 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түсті.

Серіктес жаңалықтары