«Жалғыз ұлымды әскерге жіберіп, мәйітін алдым»: Маңғыстау облысында қаза тапқан сарбаздың әкесі үндеу жасады

Сарбаз ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болады

«Жалғыз ұлымды әскерге жіберіп, мәйітін алдым»: Маңғыстау облысында қаза тапқан сарбаздың әкесі үндеу жасады
Видеодан алынған кадр
13392

Маңғыстау облысындағы полигонда оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министріне істі жан-жақты тексеруді сұрап жүгінді.

Zakon.kz сайтының мәліметінше, лейтенант тапаншасынан рұқсатсыз оқ атқан кезде 19 жастағы сарбаздың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болады.

Ақтауға бара жатырмын. Жалғыз ұлымның бетіне тапаншадан оқ атты. Бұл оқыс оқиға емес. Қарудың атылуы үшін патронды оқтамадан шығарып қана қоймай, оны сақтандырғыштан шығарып, шүріппесін басу керек. Мұндай жайт кездейсоқ бола салмайды, - дейді қаза тапқан сарбаздың әкесі.

Серіктес жаңалықтары