315
Маңғыстауда уланған оқушылар саны 300-ге жуықтады
Бастауыш сынып оқушылары асханада уланып қалған еді
Маңғыстау облысында уланған мектеп оқушыларының саны 300-ге жуықтады. 222 бала үйде, 67 бала ауруханада емделіп жатыр, оның екеуі жансақтау бөліміне түсті.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауруханаға барды. Дәрігерлерге науқас балаларға барлық қажетті көмек көрсетуді және ауруханадағы жұмыс режимін күшейтуді тапсырды.
Еске сала кетейік, балалар мектеп асханасындағы түскі астан кейін өзін нашар сезінген, зардап шеккендердің барлығы бір оқу орнында – Мұнайлы ауданындағы №8 мектепте оқиды.