V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: бүгінгі жарыс кестесі

Ипподром маңындағы этноауылда аударыспақ өтеді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: бүгінгі жарыс кестесі
gov.kz
435

Туризм және спорт минситрлігі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бүгін бақ сынайтын Қазақстан командаларының жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

9 қыркүйек көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.

Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.

Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.

Сонымен қатар, «Арғымақ» ат-спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан жарыс басталады. 33 мемлекеттен 183 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады.

Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар:

Пута нысанасы 70/60 метр (9 оқтан 7 мүмкіндік);

Қалқан нысанасы 60/50 метр (7 оқтан 7 мүмкіндік);

Жамбы нысанасы 30 метр (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс (30 метр).

Осы күні Астана қаласында ипподром маңындағы этноауылда аударыспақ өтеді. Аударыспақтан Көшпенділер ойындарына 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.

Қазақстан намысын Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев қорғайды.

Серіктес жаңалықтары