БҚО-да 47 жылқыны рұқсатсыз алып бара жатқан автокөлік ұсталды

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

БҚО-да 47 жылқыны рұқсатсыз алып бара жатқан автокөлік ұсталды
istockphoto.com
257

Батыс Қазақстан облысында 47 жылқыны рұқсатсыз алып бара жатқан жүк көлігі ұсталды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 31 тамыз күні Шыңғырлау ауданы аумағында болды.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Самара-Шымкент күре жолында 47 жылқы тиелген "Вольво" жүк көлігін тоқтатқан. Жүргізушіде тасымалдау құжаттары болмаған. Аталған дерек бойынша материал жинақталып, шешім қабылдап, жауапкершілікке тарту үшін ветеринарлық инспекцияға берілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары