Камиль Куруглиев әлем чемпионатында қола алды

Кіші финалда Куруглиев ирандық Амиррезза Далириден 8:5 есебімен басым түсті.

Камиль Куруглиев әлем чемпионатында қола алды
ҰОК
376

Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Испанияның Понтеведра қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Еркін күрес шебері 92 келі салмақта жартылай финалға жетіп, ресейлік балуаннан ұтылған еді. 

Кіші финалда Куруглиев ирандық Амиррезза Далириден 8:5 есебімен басым түсті. 

Серіктес жаңалықтары