Елімізде ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті құрылды

Жаңа комитет салалық мәселелерді дербес және жедел шешетін болады.

Елімізде ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті құрылды
istockphoto.com
252

Үкімет Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы 2024 жылғы 4 қыркүйектегі қаулыны бекітті.

Қаулыға сәйкес:

Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті қайта құрылды.

Осылайша қазір туризм және спорт министрлігінде келесі ведомстволар бар:

  • Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
  • Туризм индустриясы комитеті;
  • Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.

Жаңа комитет салалық мәселелерді дербес және жедел шешетін болады.

Қаулы 2024 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Серіктес жаңалықтары