Көкпардан ұлттық құрама Өзбекстанды жеңді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:00 есебімен жеңді.

Көкпардан ұлттық құрама Өзбекстанды жеңді
164

Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алда келе жатты. Екінші таймда есепті 16:00-ге жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қарсыласымызды өте жақсы білеміз. Өзбекстанға барғанда ойнағанбыз. Аттарымызды барынша дайындадық. Жеңіске жетуге барымызды салдық»,  – деді көкпардан ұлттық құрама спортшысы Құрманбек Тұрғанбек

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия  және Түркия.

Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Серіктес жаңалықтары