«Өзім-ақ босатып берейін»: Мөлдір Әуелбекова концерттерден шеттетілгенін мәлім етті

Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар.

«Өзім-ақ босатып берейін»: Мөлдір Әуелбекова концерттерден шеттетілгенін мәлім етті
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram/ moldir.auyelbekova
777

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова сахнадан кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол орамалдағы образы үшін телевизиялық жобалардан шететтілгенін жеткізді.

«Мені орамалым үшін телевизиялық жобаларға және көптеген концерттерге қатыстырмайды. Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау… Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол – Cover show! Себебі Мейрамбек Бесбаев ағам шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды. Рақмет, жан ағам, ән ағам», – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары