Мұрат Әбділда бостандыққа шықты (ВИДЕО)

Бұл туралы танымал гитарист Ақсұңқар Жүнісбаев әлеуметтік желідегі парқшасында мәлім етті.

Мұрат Әбділда бостандыққа шықты (ВИДЕО)
Мұра Әбділдә. Фото: әлеуметтік желі
366

TikTok желіcі арқылы танымал болған түркістандық блогер Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын ерте шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы танымал гитарист Ақсұңқар Жүнісбаев әлеуметтік желідегі парқшасында мәлім етті.

«09.09.2024. Алланың қалауымен Мұрат Әбділда ұлдарыңыз бостандыққа шықты», - деп жазды өнер иесі.

Еске сала кетейік, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде былапыт сөздерімен танымал болған-тын. Жазасын өтеп жүргенінде «Енді ешқашан ешкімді балағаттамаймын» деп сұхбат берді.

Серіктес жаңалықтары