Алматы тауларында 7 адам жоғалып кетті

Қарасай ауданы Үлкен Алматы тауларында 7 адам кеше таңертең таулы жорыққа шығып, қараңғы түскенге дейін уақытқа қарамай, адасып кеткен.

Алматы тауларында 7 адам жоғалып кетті
видеодан скриншот
Автор
Админ
158

Саяхат кезінде екі турист өзін жайсыз сезініп, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар тобы бөлініп, құтқару жұмыстарын жаяу жүргізді. Бұл іздестіру жұмыстарын қиындатты.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы тәуліктің түнгі мезгілінде төмен температурада күрделі жартасты бедерде іздестіру жүргізіп, туристерді 7 сағаттан соң тапты. Туристер қатты шаршап, тоңып қалған.

«Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жедел түрде барды. Туристерді Алматы қаласына эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары