Тоқаев екі елде Қазақстанның елшісін тағайындады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызмет імәлім етті.

Тоқаев екі елде Қазақстанның елшісін тағайындады
Akorda
Автор
Админ
171

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Словения және Оңтүстік Африка Республикасындағы елшісін тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызмет імәлім етті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркін Ахинжанов Қазақстан Республикасының Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды

Серіктес жаңалықтары