30 жыл ішінде елдегі энергия тапшылығы күрт өсіп кетті – сарапшы

Бүгін Павлодар облыстық Халықтық штабының жұмыс тобы «Галицкое» ЖШС ұжымымен және Успен ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

30 жыл ішінде елдегі энергия тапшылығы күрт өсіп кетті – сарапшы
Автор
Админ
373

Жуырда "AMANAT" партиясының атсалысуымен Халықтық штаб құрылған еді. Қазір штаб әр өңірде кездесу өткізіп жатыр.

Бүгін Павлодар облыстық Халықтық штабының жұмыс тобы «Галицкое» ЖШС ұжымымен және Успен ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Талқының негізгі тақырыбы – Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша алдағы референдум.

Жұмыс тобының құрамына облыстық мәслихат депутаты, «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Света Абдраманова, «Ақ жол» демпартиясы Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары Гүлмира Мусинова, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев, ШЖҚ КМК Ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы Серік Жартыбаев секілді мамандар енді. 

Кездесу барысында сарапшылар «Галицкое» ЖШС қызметкерлерінің сұрағына жауап беріп, елдегі атом энергетикасын дамыту туралы өз пікірлерін айтты. Солардың ішінде сөз алған Балтабек Төлеубаев энергетиканы дамытуға кешенді көзқарас қажет екенін атап өтті.

"Біздің елге станса керек. Менің ойымша, үш, төрт, тіпті бесеуін салуға болады. Қазақстандағы энергетика мәселесін бір станса шеше алмайды. 30 жыл ішінде елдегі энергия тапшылығы күрт өсіп кетті. Бұл біз жасыл энергиядан бас тартуымыз керек дегенді білдірмейді. Жел, күн, шағын су электр стансаларын да дамыту керек", – дейді сарапшы Б.Төлеубаев.

Серіктес жаңалықтары