Алматы облысында Букреев шыңына шыққан 3 жігіт төменге түсе алмай қалды

Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Алматы облысында Букреев шыңына шыққан 3 жігіт төменге түсе алмай қалды
252

Алматы облысында 19 жастағы үш жасөспірім Букреев шыңына көтеріліп, жаңа бағытты зерттемей төмен түсіп, соқпақ жолдан шығып, адасып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Байланыс ұстайтын жерден ұялы телефон арқылы құтқарушыларды көмекке шақырған.

"ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық есеп тобымен олардың геолокациясы бойынша тауға көтеріліп оқиға орнынан таба алмады. Балалар өз күштерімен түсуге шешім қабылдаған екен, құтқарушылар олардың соңынан түсіп жақын аялдамаға дейін түсірді", - делінген ТЖМ  баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары