Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді
Aqorda
288

Одан бөлек айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев 1939 жылы 7 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданында туған. Қазақстанның мемлекет қайраткері, генерал-полковник. 

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы, ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық гвардияның Қолбасшысы, ҚР Қорғаныс министрі, ҚР Тұңғыш Президентінің Кеңесшісі және Парламент депутаты қызметтерін атқарды.

Бұған дейін «Даңқ», «Барыс» ордендерімен марапатталған.

 

 

Серіктес жаңалықтары