Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

10 қыркүйекке арналған жарыс кестесі.

Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Туризм және спорт министрлігі
371

Туризм және спорт минситрлігі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бүгін бақ сынайтын Қазақстан командаларының жарыс кестесін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

  • Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы сағат 10.00-де АҚШ командасымен кездеседі. Жарыс «Қазанат» ипподромда.
  • Ал ипподром маңындағы этноауылда сағат 9.00-де жамбы ату спортының түркі стилінен қазақстандық спортшылар сынға түседі.

Кеше Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді. Жарыстың екінші күні Азия стилінен Батыр Бексауыт  – алтын, Айтбек Сарыбай  – күміс, Ералхан Айкөз қола медальға ие болды.

  • Этноауылда аударыспақтан үш салмақ дәрежесінде жарыстар өтеді.

Кеше Есімхан Рахматіллә (90 келі), Сырым Ізбасаров (100 келі) және Біржан Қосалиев (+100 келі) ел намысын қорғайды. Басталуы: сағат 10.00. Аударыспақтан алғашқы жарыс күнінде қазақстандық үш бірдей спортшы алтын медаль алды.

  • «Арғымақ» ат-спорт кешенінде сағат 10.00-де дәстүрлі садақ атудан «қалқан» нысанасы бойынша жарыс басталады. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады.

Олар: Динара Жақсылықова, Фариза Сабыржан, Айкөркем Батихан және Ажар Төлеуқанова. Ерлер арасында: Ербол Тапенов, Бақберген Сәлімов,  Қасымхан Қанат, Марат Бексұлтан, Мақсат Әбдікерімов және Жәнібек Құлмырзаев. Дәстүрлі садақ атудан жарыстың бірінші күні «Пута» нысанасы бойынша Айкөркем Батихан мен Қасымхан Қанат қола жүлде алса, Жәнбек Құлмырзаев алтын жүлде иеленді.

  • Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 4 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Ел намысын ерлер арасында Ерсін Сейітқазынов (82 келі), Ерасыл Жанатаев (90 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (100 келі), Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі), әйелдер арасында Зарина Сарипова (65 келі), Роза Нысантайқызы (70 келі), Зәмзәгүл Файзолланова (77 келі), Альбина Бахиева (+77 келі) қорғайды. Қазақ күресінен алғашқы жарыс күні сынға түскен қазақстандық 8 спортшының барлығы алтын медальға ие болған еді. 

  • «Алау» мұз сарайында кураш өтеді. Оған Ернұр Сүлеймен (60 келі), Айбек Қазақбаев (66 келі), Нұрдін Шаймерден (73 келі) және Алтынай Нұрханова (57 келі) қатысады.

Кураштан алғашқы жарыс күні ұлттық құрама спортшылары бір алтын, екі күміс, үш қолаға ие болды.

  • Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарысқа Бердіқұл Әлтай (90 келіге дейін), Еркебұлан Ерлан (105 келіге дейін) және Ольга Душаева (75 келіге дейін) қатысады.

Кеше Мас-рестлингтен алғашқы жарыс күнінде Бірімжан Асылмұрат пен Тахмина Қожамбердиева қолда жүлде иеленді.

  • «Алау» мұз сарайында ерлер арасында бес табаннан және әйелдер арасында бес асықтан жартылай финалдық бәсеке өтеді. Асық атудан ел намысын 8 спортшы қорғайды. Олар – Нуркисса Молжигитов, Жомарт Нұрланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер және Көгершін Думан. Финалдық ойындар 11 қыркүйекте өтеді.
  • «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде сағат 10.00-де тоғызқұмалақтан жартылай финалдық ойындар өтеді. Қазақстан сапында Бексұлтан Бостандықов, Әуелбай Ерсұлтан, Мөлдір Серікқызы мен Аңсаған Қожанасіп сынға түседі.

Серіктес жаңалықтары