Ералхан Айкөз жамбы атудан жеңімпаз атанды

Екінші орынды түркиялық спортшы Егит Керем алды.

Ералхан Айкөз жамбы атудан жеңімпаз атанды
Туризм және спорт министрлігі
313

Жамбы ату спортының түрік стилінен алтын жүлдені Ералхан Айкөз, ал қоланы Айтбек Сарыбай жеңіп алды.

Жарыс нәтижесі бойынша Ералхан Айкөз алтын жүлдеге ие болды. Екінші орынды түркиялық спортшы Егит Керем алды. Қола жүлдені Айтбек Сарыбай еншіледі.

Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы тіркелген.

Серіктес жаңалықтары