«Жүрегімен сезеді екен»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады

Бүгін Айгүл Иманбаеваның күйеуі Ерланның туған күні.

«Жүрегімен сезеді екен»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады
сурет ашық дереккөзден алынды
13058

Әнші айтулы күні жолдасымен қалай танысқаны туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

"Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы Құдайға деген - сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және “Көптің тілеуі көл”деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз. Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйеге тән нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік. “Қуанғанға құт қонады” дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайықты!", - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Серіктес жаңалықтары