«Анам басқалардың үйін тазалап жүрді»: Елдос Сметов басынан өткен қиындықты еске алды (ВИДЕО)

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасына қатысты.

«Анам басқалардың үйін тазалап жүрді»: Елдос Сметов басынан өткен қиындықты еске алды (ВИДЕО)
1190

Жүргізуші Олимпиада чемпионы атанған спортшыдан елге келген соң халықтың құрмет-қошеметін қалай қабылдап жатқанын сұрады, деп жазды turkystan.kz порталы massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Елдос Сметов бұл сұраққа балалық шағында көп қиындық көргендіктен асқақтап кетпеуге тырысатынын айтып, ашық жауап берді. 

"Мен жұлдыз ауруымен ауырмаймын. Себебі балалық шағымда көп қиындық көрдім. Әкем ауылдан қалаға барып құрылыста жұмыс істеді. Анам үй шаруасында болды. Кейде анам басқалардың үйін тазалап, ақша тауып жүргенін де өз көзіммен көріп өстім. Нанға ақша таппай отырған кездеріміз де болды. Бұл сәттерді ұмытып, баршылыққа мастанып кетсем, бұл менің надандығым болады деп ойлаймын. Бұл жағдайлар маған бір жағынан мотивация болды. Біз барлық сынақтардан өттік, олар мені қолдағы барымды бағалай білуге және ата-анама лайықты өмір сүруге ұмтылуға үйретті", - деп ағынан жарылды ол.

Серіктес жаңалықтары