Алматы облысында 2 ауылдың атауы өзгертілді

Казцик ауылына қазақ театр педагогикасының негізін салушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді.

Алматы облысында 2 ауылдың атауы өзгертілді
almaty.tv
Автор
Админ
336

Алматы облысында Казцик және Комсомол ауылдарына жаңа атаулар берілді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Казцик ауылына қазақ театр педагогикасының негізін салушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді.

Осының құрметіне салтанатты іс-шара өтіп, тұрғындар бұл шешімге қуанышты екенін білдірді. Олар мұны Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және танымал ету жолындағы маңызды қадам деп санайды.

Ал Комсомол ауылы Жайнақ болып өзгертілді.

Бұған дейін Алматы облысындағы ауылдық округтер мен ауылдардың атауы өзгертілді:

  • Энергетикалық ауылдық округі — Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • Энергетикалық ауылдық округінің Покровка ауылы — Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Чапаев ауылдық округі мен Чапаево ауылы — Байкент ауылдық округіне және Байкент ауылына;
  • Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына.

Серіктес жаңалықтары