«Ұят болады»: Тележүргізуші Дина Төлепберген жаңа өнерін көрсетті

Танымал тележүргізуші көпті таңғалдырды.

«Ұят болады»: Тележүргізуші Дина Төлепберген жаңа өнерін көрсетті
сурет ашық дереккөзден алынды
1213

Дина Төлепберген апгрейд өнерін меңгеріп алғанын айтты, деп жазды turkystan.kz.

Журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желіде балалық шағында меңгерген өнері жайлы сөз етті.

«Бала кезден би менің өмірімнің бір бөлшегі болды. 12 жыл халық биімен аналысып, кейін жар, ана болған соң, балетке қадам жасағаным бар…  Бірақ хип-хоп немесе заманауи би - мен үшін “апгрейд” болды. Бірінші реппетицияға келгенде, «қыздарға ілесе алмаймын», «ұят болады», «менің стилім емес»  деген ойлардың миыма келгенін жасырмаймын.  Бірақ «Билеп үйрен» қыздары осы шектеулерді жеңуге көмектесті және менің өміріме жаңа энергия мен жарқын түстер қосты! 
Жасыңыз маңызды емес. Бастысы -  жүрегіңіздегі  от пен алға ұмтылыс. 
Осы рилсте мен сіздерді стереотиптерден арылып, бізбен бірге билеуге шақырамын», - деп жазды тележүргізуші.

Еске салсақ, танымал тележүргізуші бұған дейін киноға түсіп жүргенін жариялап еді.

Серіктес жаңалықтары