375
Көшпенділер ойындары: Ұлттық құрама үш күнде 69 медаль иеленді
Қазақстан құрамасы алдыңғы қатардан көрінді.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы үш күннің қорытындысы бойынша алдыңғы шепте келе жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күнінде 6 алтын, 7 күміс, 8 қола жүлде жеңіп алды.
Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 27 алтын, 17 күміс, 25 қола жүлде бар.
Медаль саны бойынша көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан үштікке кіріп тұр.