Тәжікстанның бас мүфтиін пышақтап кетті

Құқық қорғау органы өкілдерінің жедел әрекетінің арқасында бұзақы ұсталды

Тәжікстанның бас мүфтиін пышақтап кетті
Фото: Амир Исаев / РИА Новости
463

Тәжікстанның Үлемдер кеңесі Саидмукаррам Абдулкодирзоданы Душанбедегі орталық мешіт жанында жарақаттады, деп хабарлайды осы елдің Ховар агенттігі.

Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бүгін сағат 12:20-да Душанбедегі мешіт жанында адамдардың бірі намаздан соң Тәжікстан Үлемдер кеңесінің төрағасы Абдулкодирзода Саидмукаррамды қоғамдық тәртіпті бұзып, бұзақылық ниетпен пышақ тектес затпен жарақаттаған.

Құқық қорғау органы өкілдерінің жедел әрекетінің арқасында бұзақы ұсталды. Саидмукаррам Абдулкодирзода жеңіл жарақат алды. Оны медициналық тексеруден соң үйіне жеткізіп тастады.

Аталған факт бойынша ішкі істер органының өкілдері қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары