Жалақысы 684 мың теңге айналасындағы жұмыс орындары бос тұр

Үміткерлер сұраған ең жоғары жалақы 1,1 млн теңге болған

Жалақысы 684 мың теңге айналасындағы жұмыс орындары бос тұр
istockphoto.com
944

Тамыз айында электронды еңбек биржасындағы бос орындарда ең жоғары жалақы 660-684 мың аралығында болды, деп хабарлайды turkystan.kz еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Тамыз айында жұмыс берушілер жалақысы 684,3 мың теңге болатын бас құрылысшы лауазымына 255 бос жұмыс орнын жариялаған. Әртүрлі қосымша әзірлейтін мамандарға 670 мың, қаржы директорларына 660,7 мың теңге жалақы ұсынған хабарландырулар бар», - деп жазады дереккөз.

Үміткерлер сұраған ең жоғары жалақы 1,1 млн теңге болған. Яғни, қаржы директоры болуға дайынмын деген 32 адам өз қызметі үшін осынша жалақы сұраған. IT-бөлімшелердің басшылары (1 млн теңге, 9 түйіндеме) және мұнай-газ секторының сорғы станциясының машинисі (975 мың теңгеден, 4 түйіндемеден) сияқты лауазымдар да өз резюмелерін тіркеген.

Мамандардың айтуынша, тамыз айында еңбек нарығындағы біліктілік құрылымы алдыңғы айдағыдай өзінің тепе-теңдігін сақтап қалған.

Сұраныстың негізгі өсуі білім беру саласында, әсіресе жаңа оқу маусымының басталуымен байланысты мегаполистерде жоғары білікті кадрларға қатысты болды. Сонымен бірге жұмыс іздеушілердің белсенділігі де жоғары болды, бұл бос орындар мен түйіндемелерді біркелкі бөлуге ықпал етті.

Enbek.kz электрондық еңбек биржасында бір айда 131,8 мың бос жұмыс орны және 129 мың түйіндеме орналастырылған. Бір айдың ішінде бос орындар саны 26% - ға (27,4 мың) артып, ал түйіндеме саны 3 пайызға (3,5 мың) азайған.

Серіктес жаңалықтары