Шымкенттегі түрмеде сотталушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Ер адам бір ай бұрыны бас бостандығынан айырылған. Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды.

Шымкенттегі түрмеде сотталушы жұмбақ жағдайда қайтыс болды
istockphoto.com
206

Шымкен қаласындағы түрмеде сотталған азамат жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

37 жастағы азаматтың туыстары мекеме қызметкерлері оны ұрып өлтірген деп отыр. Ал құқық қорғау органдары оның ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болғанын мәлім етті.

Күзет мекемесі басшысының дерегінше, бопсалау фактісі бойынша 3,5 жылға сотталған азамат түрмеге түскен сәттен бастап, асқазан ауруымен ауырған. 5 рет медициналық көмекке жүгінген. Ол соңғы рет 3 қыркүйекте ауруханаға түсіп, кейін қайтыс болды.

Қазір медициналық қызметкерлер мен түзеу мекемесінің қызметкерлеріне қатысты ішкі аудит жүргізіліп жатыр. Ер адам бір ай бұрыны бас бостандығынан айырылған. Марқұмның артында әйелі мен үш баласы қалды. Қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалатыны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тиісті органдарда тергеледі. Әрине, марқұмның туыстары бізге сенбейді. Бәлкім, олар оны ұрды деп ойлайтын шығар. Тексеру қорытындысы туыстарына хабарланады», – дейді қылмыстық атқару жүйесінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаментінің №54 мекемесінің басшысы Серікбай Дүйсенов.

Серіктес жаңалықтары